Регистрация / Вход
Главная » 2016 » Октябрь » 29 » Балалықтың бал дәурені – жаз шуағында
08:59
Балалықтың бал дәурені – жаз шуағында

Балалықтың бал дәурені – жаз шуағында

Денені шымырландырудың,
Ерік - қайратты шыңдаудың,
Ақылды алғырландырудың,
Ойды салмақтандырудың
жолын білсең, сен тәрбиешісің.

(Ш. Летурно)
 

Қазақ халқы - талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы – тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы. Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта, жазғы демалыс кезінде жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады.

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Жаз маусымындағы жұмысты ұйымдастырылуы педагогикалық ұжымның дайындығы, әдістемелік жұмыстар, балалар өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата - аналармен жұмыс, заттық - дамытушы ортаның жабдықталу алғы шарттарына негізделеді.

Балалардың жазғы демалысын әсерлі өткізуіне мейлінше қолайлы жағдай жасау, танымдық, жан - жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал ету мақсатында бала денсаулығын нығайтуда жаз маусымындағы ауа райының тамаша мүмкіндіктерін пайдалану (күн, ауа. су, құм, табиғат әсемдігі, т. б.), шынықтыру шаралары арқылы қимыл әрекетін таза ауада өткізу, спорттық ептілік пен дағдысын одан әрі дамыту, қимыл белсенділіктерін арттыру, жағымды көңіл - күй мен қолайлы орта туғыза отырып, тәрбиеленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру тәрбиешілерге міндеттеледі.

Балалардың  демалысын, сауықтануын, сабақтан тыс босаған уақытын пайдалы өткізуін қамтамасыз ету, жасөспірімдердің каникул кезіндегі бақылаусыз қалуы мен құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында  Шашубай кентіндегі «Мектеп - балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ  жанынан «Балауса» жазғы алаңы құрылды.

 Балалардың жазғы демалысын пайдалы әрі тиімді ұйымдастыру жұмыстары жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, озық тәжірибелі тәрбиешілердің әр күнді белгілі бір тақырыпта шебер ойластырып өткізген іс – шаралары - көрме жұмыстары (сурет көрме, қолөнер бұйымдар), саяхат, жорықтар, викториналық сәттер, эксперименттік, жобалау әрекеттері, денсаулық күні, экологтар күні, театрланған қойылымдар, тақырыптық кештер, жазғы олимпиадалық ойындар, әуендік сәттер (ән, би, ойындар) т.б. балалардың көңілінен шықты.

Тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың осы бір тамаша мезгілі балалардың халықаралық «Балаларды қорғау күні» мерекесімен басталды. Шашубай кенттік Әкім аппаратының ұйымдастыруымен өткен «Бар базарлық - Балаларға» атты алаңдағы іс-шараға балаларды қатыстырып, мерекелік іс-шара мектеп жанындағы «Балауса» жазғы алаңының ашылу салтанатымен жалғастырылды. Алаңдағы мерекеде ойын ойнап, концерттік бағдарлама тамашалап, тегін балмұздақ жеп керемет көңіл күймен келген балалар, мектепте ойындар ойнап, сыйлықтарға ие болып,  флешмобпен мерекені аяқтады.

4-ші маусым Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне арналған Шашубай кенті әкім аппараты ұйымдастырған мерекелік жиналыс пен концерттік бағдарламаны балалар тамашалап, патриоттық, Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу сезімдерін арттырды.

”Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз” қағидасымен  қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрлер мен жаңашыл тәжірибеге сүйеніп қыз бала, жас ана тәрбиесін нығайту мақсатында бір күн тек қыз балаларға арналды. Қыз балаларға кеңестер жүргізіліп, Шашубай кентінің «Нұр Отан» бастауыш партиясы ұйымының қолдауымен, «Альянс» ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық көлемде «Ана – әлемнің тұтқасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тәрбие беруді жақсарту және әлеуметтік маңыздылықты арттыру мақсатында бір күнді «Шынықсаң шымыр боласың» деп атап,  мектеп медбибісі Д.Интзарбековна денсаулық сақтау, шынықтыру туралы кеңестер беріп, тәрбиешілердің ұйымдастыруымен спорттық-эстафеталық ойындар өткізілді.

Талантты балалардың шабытын шаттандырған «Талантыңа талабың қанат болсын» деп аталған бұл күні балалар әр өнер сайысынан өз өнерлерін ортаға салды. Ертегілерді сахналап, түрлі кейіпкерлерді бейнелеу жарыстары  өткізілді.

Саяхатқа арналған жазғы алаңның бір күнінде балалар қалалық мұражайда Балхаш қаласының құрылу тарихын біліп, біздің заманымыздан бұрынғы дәуірлермен танысып, көне жәдігерлерді тамашаласа, кітап оқуға деген құмарлығын арттыру мақсатында кітапханаға және «таза ауа, мықты денсаулық»  деп саябаққа саяхат жасап қайтты.

«Су асты патшалығы» деген бір күн көл жағасына арналды. Кереметтей мөлдір Балхаш көліне шомылып, жағасында құмнан қалашықтар тұрғызып, түрлі ойындар ойнап, балалар тамаша демалып қайтты.

  

 

Әрбір күні ерекше тақырыппен аталып, өткізілген түрлі іс шаралар балалардың жазғы демалысын есте қаларлықтай өткізуіне септігін тигізді.

Тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеудегі Шашубай кентіндегі «Мектеп - балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ  жанынан құрылған «Балауса» жазғы алаң ұжымының еңбегі өз жемісін беріп, балалар да ата-аналар да алғыстарын білдіріп жатты.

Жазғы балалар демалысын ұйымдастыру кезінде жекелеген балалардың ерекше бейімділіктерін, таланттылыққа құштарлықтарын анықтап бағалауға да баса назар аударылды.

Жазғы демалыстарының қалай өткендігі одан алған әсерлері мен көңілге түйгендері туралы жекелеген балалармен сұрақ-жауап сұхбаттары өткізіліп, естеліктерін жаздыртып алу ұйымдастырылды. Балалар демалысын қызықты да мазмұнды өткізуге арналған шаралар бейнетаспаға жаздырылып алынды.

Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттардағы ерекше қимыл әрекеттері мен жайшылықта көзге түсе бермейтін тосын сәттері суретке түсіріліп одан альбомдар жасалды.

 

 

Шашубай кентіндегі «Мектеп - балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, аға тәлімгері – Сеитова М.С.

Просмотров: 1217 | Добавил: Rocsel | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar