Директор школы
1992 жылдан бастап мектепті республиканың білім беру жүйесінің жаңару жағдайына сай көптеген инновациялық жобалар авторы А.Б.Тукбаева басқарады. Жаңа педагогикалық технологияларды және концептуалдық- методологиялық негіздерді жете меңгерген білікті басшы Айман Бекболатқызы білім саласындағы табысты еңбегі және шығармашылық үлестері үшін «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісімен, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, Қарағанды облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен, 2006 жылы Алматы қаласында өткен «Қанатты әйел» атты идея және тауарлардың Республикалық Ұлттық Әйелдер жәрмеңкесіне қатысып, қоршаған ортаны қорғау Министірлігі және Президент жанындағы жанұя және әйелдер ісін басқаратын Ұлттық комиссиясының арнайы дипломымен марапатталды. Мемлекеттік сипаттағы «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Қазақстанның ең үздік 100 әйел-қайраткерлер қатарында оның портреті алғашқы Президент мұражайынан орын алған. Жаңашыл бастамалармен тың ізденіске өріс ашып, мұғалімдерге талап қоя білу, әрі олардың еңбектерін бағалау жолын ұстанған Айман Бекбулатовна ұстаздар қауымы арасында ерекше ықыласқа ие. Мектепке келген күннен бастап оқу-тәрбие ісін жетілдіру, дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай туғызу, мектептің материалдық базасын нығайтуды мақсат етіп қойған басшы игі бастамаларды ұжыммен бірлесе отырып ойдағыдай іске асырып келеді. Тукбаева А.Б 2007 жылдан бастап Қарағанды облыстық маслихатының депутаты болып табылады. "НұрОтан" ХДП мүшесі және маслихаттің депутаты ретінде ауданымыз бойынша көптеген әлеуметтік -экономикалық, мәдени даму бағытындағы көптеген шараларды жүзеге асыруда белсене ат салысуда. Соның ішінде Шашубай кентіндегі балабақша, Ортадересін, Тораңғылық, Тасарал ауылындағы шағын орталықтардың ашылуы, аймақтағы басқа да әлеуметтік нысындарды жетілдіру және материалдық – техникалық базасын нығайтуға үлкен үлесін қосты. 2009 жылы Тукбаева А.Б. библиографиялық мақаласы "Қазақстанның ең үздік ұлдары мен қыздары" республикалық энциклопедиясына енді.
|
Мухашева Раиса Мухашкызы - оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары
Мектепте оқу-әдістемелік ғылыми жұмыстарын ұйымдастыруда өзіндік дәстүр қалыптасып, шығармашылық ізденістің негізі қаланған. Оған мектептің оқу-тәрбие бөлімін басқарып отырған білікті мамандардың қосқан жаңашылдық үлестері зор. Олар – Мұхашева Р.М., Ахнаева А.Р., Түсіпбеков М.И., Ни Л.И. Озық тәжірибелерді насихаттау, тарату мақсатында тақырыптық семинарлар, көрмелер, кафедралардың ашық есік күндері, апталықтар өткізу үрдіске айналған. Осындай іс-шаралар ұйымдастыру барысындағы әдіскер ұстаздардың құрастырған әдістемелік нұсқаулары, көмекші құралдарының жас мамандарға тигізер көмегі аз емес. Жаңашыл, ізденімпаз педагогтардың бірі Мұхашева Р.М. І Республикалық педагогикалық оқуларға қатысып дипломант атанды және көптеген халықаралық ғылыми конференция, семинарға қатысушы болып табылады.Кейінгі жылдары директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасы, облыс және аудандық Әкімдік пен білім құрылымдарының марапаттарына ие.
|
Ахнаева Алмагуль Рымтайкызы - оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары
Ахнаева А.Р. инновациалық білім беру және оқу бағдарламаларын жасау методологиясын жан-жақты меңгерген, жаңашыл да ізденімпаз, шығармашылық потенциалы жоғары педагог.
Ұстаз мамандығы үздіксіз ізденісті талап етеді, сондықтан мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерін бөлісіп қана қоймай, облыс, республика көлеміндегі ғылыми-практикалық семинар- конференцияларға қатысып, соның нәтижесінде мектептің ғылыми- әдістемелік қоры үнемі жаңарып, толықтырылып отырады.
2004-2008 жж. Қазақстан Германия арасындағы халықаралық жастар алмасу бағыты бойынша өткен жобаға басшылық етті. Сонымен қатар білім дамытудағы Орталық Азия конгресіне, "Қазақстандағы неміс тілінің бүгінгісі мен келешегі " атты халықаралық ғылыми- практикалық конференциясына қатысты. Облыс, аудан әкімі және білім бөлімдерінің Грамотасымен марапатталған.
Ни Людмила Иннокентьевна - ғылыми-инновациялық жөніндегі орынбасары
Ни Л.И – өзінің педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын, сабақ беретін пәні бойынша білімі терең, жоғары педагогикалық мәдени деңгейімен ерекшеленетін шығармашыл ұстаз. Сонымен қатар, ол «Ресурстық орталық» инновациялық білім беру жобасын жүзеге асыруға белсенді қатысып келе жатқан зерттеуші және экспериментші мұғалім.
Ни Людмиланың әдістемелік жүйесінің ерекшелігі сол – ол оқушының шығармашылық белсендігін оятуға және олардың өз бетімен ойлай білу қабілетін дамытуға бағытталған. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясын, жобалау әдісін, модульдік оқыту технологиясын орынды пайдалана отырып, ұстаз ынтымақтастық педагогикасын нақты жүзеге асыруда. Баланың дарындылығы мен шығармашылық қабілетін зерттеу мәселесіне арналған «Жоғарғы сынып оқушыларының шығармашылық потенциалын зерттеушілік іс-қызметін ұйымдастыру арқылы дамыту» атты педагогтың 2003 жылы қорғаған магистрлік диссертациясының негізі тақарыбы қазір көлемді ғылыми- эксперименттік жұмысқа айналды. |