Балалықтың бал дәурені – жаз шуағында
Денені шымырландырудың,
Ерік - қайратты шыңдаудың,
Ақылды алғырландырудың,
Ойды салмақтандырудың
жолын білсең, сен тәрбиешісің.
(Ш. Летурно)
Қазақ халқы - талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы – тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы. Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ған
...
Читать дальше »